Ел президенті ретінде Конституция ережелерінің мүлтіксіз орындалуы үшін бар күш-жігерімді саламын – Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 14:42 Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның ел дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ата заңды қабылдау – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған тарихи қадам. Бұл – қоғамның кемелденіп, дұрыс пен бұрысты айыра алатын деңгейге жеткенінің белгісі.

Президент жаңа Конституция ел тәуелсіздігін нығайтып, мемлекеттіліктің берік тірегіне айналатынын жеткізді. Оның әрбір нормасы мен қағидаты Қазақстанның егемендігін күшейтуге қызмет етеді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев әділдік қағидаты негізгі құжаттың өзегіне айналғанын атап өтті. Оның сөзінше, жаңа Ата заңды "Әділетті Қазақстанның төлқұжаты" деп атауға толық негіз бар.

Мемлекет басшысы Конституция кепілі ретінде оның талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салатынын мәлімдеді.

"Жаңа Конституциямызға сәйкес адал қызмет етуге серт беремін", – деді Президент.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елдің өсіп-өркендеуіне тілектестік білдіріп, Қазақстанның мәңгі жасай беруіне сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: