Адвокат Айман Омарова жала жабу үшін жазалауды тоқтатуды ұсынды
Time.kz
Мұндай бап мүлдем болмауы керек, - деді Омарова.
Қазақстанда екі бапты – жала жапқаны үшін және ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қолдану тәжірибесін қайта қарау керек, деп мәлімдеді адвокат Айман Омарова Ұлттық сенім кеңесінің отырысында, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
- Мен өте маңызды екі бапқа тоқталғым келеді. 130 бап – жала жабу. Қазір олар өзгертіледі, 130-баптың 1-бөлігі қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін деседі, бірақ оның бәрі өтірік. Бұл үлкен мәселе. Бұл бапты толығымен қылмыссыздандыру қажет. Мұндай бап мүлдем болмауы керек, - деді Омарова.
Оның айтуынша, 130-баппен негізінен тек журналистер жауапқа тартылады, алайда бұл бап үшін азаматтық жауапкершілік те жеткілікті.
- Ал атақты 174 бапты алайық. 174-бап дегеніміз не? Әлеуметтік, нәсілдік, діни араздықты қоздыру. Бірақ кімнің қай жері қашан қозғаны ешкімге белгісіз, ал жаза мерзімдері үлкен – бес жыл немесе одан да көп. Осы баптарға назар аударуларыңызды сұраймын, - деп қосты адвокат.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript