Қарапайым нәрсе ғой – министр мектеп еденін балаларға жуғызу туралы
facebook.com
Министрдің айтуынша, мектеп пен отбасы – баланы еңбекке баулуы керек.
Оқушылар енді еден жуа ма деген мәселені ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
- Шынымды айтсам, жоқ жерден шу шығып отыр. Біріншіден, мұндай мәселе Білім және ғылым министрлігінің күн тәртібінде жоқ. Екіншіден, балаларға еден жуғызу – ел ауқымында жаппай жүзеге асырылып жатқан да жоқ. Үшіншіден, мектептердің бюджеттерінде әкімшілік-техникалық персонал үшін тиісті қаражат пен штат қарастырылған. Төртіншіден, мұндай жұмыстарға тек оқушылардың өздерінің бастамасымен және олардың ата-аналарының келісімімен ғана рұқсат етіледі, - деді Аймағамбетов.
Алайда баланы еңбекке баулу – өте маңызды мәселе, бұл мектептердегі тәрбие жұмысының маңызды бөлігі, оған тек мектептер ғана емес, отбасы да қатысуы керек, деп қосады ол.
- Мектепті тазалау онсыз да түрлі іс-шаралар арқылы мектептерде жүзеге асырылады. Бұл маңызды мәселе болса да, тек осындай шаралар арқылы ғана еңбекке деген сүйіспеншілікті оятуға болады деп ойламау керек. Бүгінде мұғалімдер баланы жұмсау жайында ата-аналарға кеңестерін береді, ал біз мұны өзіміз түсініп, ата-аналардың үйде балаларға белгілі бір жұмыс тауып беруі үшін жасаймыз. Ыдыс жуса, еден жуып, өз бөлмесін таза ұстаса – оның несі артық? Бұл әр балаға жастай үйретілуі тиіс қарапайым нәрсе. Әрі қазір бұл маңызды мәселеге айналып отыр. Біз өте маңызды мәселе көтерілді деп санаймыз. Бірақ бұл жаппай үгіт-насихатқа айналмауы керек. Бұл жерде ата-аналар мен балалардың өздері тарапынан бастама болуы керек, - деген пікірін білдірді министр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript