Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай миллиардері Джек Ма отставкаға кетті

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2019 21:49 Хабар 24
Қытай миллиардері былтырғы компания жобасына Димаш Құдайбергенді де қатыстырған болатын.

Alibaba компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы, миллиардер Джек Ма директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті.

Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап, "Хабар-24" хабарлады.

Оның айтуынша, Джек Маның қызметтік орнына бас директор Дэниэл Чжан келді. Агенттіктің пікірінше, Alibaba компаниясының негізін қалаушы алдағы уақытта да компанияның маңызды шешімдерін қабылдауда өзіндік рөл атқарады.

Джек Ма 2018 жылы 10 қыркүйекте бір жылдан кейін отставкаға кететіні туралы жариялаған. Джек Ма Alibaba-ны 1999 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында ашты және оны әлемдегі ең ірі электронды сауда және сандық төлем компаниясына айналдырды. Бизнесмен Қытайдағы ең бай адамдардың бірі болып табылады. Ол былтырғы компания жобасына Димаш Құдайбергенді де қатыстырған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: