Джеки Чан Олимпиада алауын Ұлы Қытай қорғанымен алып өтті
68 жастағы актер эстафетаның отызыншы алаушысы болды. Ол Олимпиада алауын Ұлы Қытай қорғанының ең көп келетін Бадалинг бөлігінде алып жүрді.
Джеки Чанның айтуынша, екінші рет алау ұстаушы атану ол үшін үлкен мәртебе.
Мен таңғы төртте тұрдым. Бұл менің төртінші Олимпиадам. Мен өте қуаныштымын! Сондай-ақ қатты тоңып тұрмын!Джеки Чан
Ол Ұлы Қытай қорғанындағы 10 градустық суыққа қарамастан, эстафетаға қатысушыларды қарсы алған спортшылардың, журналистердің, еріктілердің қуанышты жүздерін көргенде жүрегі жадырайтынын атап өтті.
— Beijing 2022 (@Beijing2022) February 3, 2022☀️From 2008 to 2022❄️
🔥From Summer to Winter🔥
✨💪Chinese national first-class actor, Chen Gangsheng (#JackieChan #成龙) participated in today's #TorchRelay. 🎇Are you ready for the #OpeningCeremony?#Beijing2022 #Olympics #TogetherForASharedFuture pic.twitter.com/hw3yxQJx2R
Сәрсенбі күні Бейжіңде Олимпиада алауының эстафетасы басталды. Оның бағыты 12 негізгі нүктеден тұрады. Маршрут барлық үш олимпиадалық кластер – Бейжің, Янцин және Чжанцзякоу арқылы өтеді және үш күнге созылады. 4 ақпан күні кешке алау XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына арналған Бейжің Олимпиадалық саябағына жеткізіледі.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз: