Жаңалықтар тізбегі
0

Жалға берілетін пәтердің кілті Тәуелсіздік күні таратылғалы жатыр

иллюстрация үшін алынған, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2019 20:00 иллюстрация үшін алынған
Биыл елордадан 1050, Алматыдан 1050 және Шымкенттен 904 пәтер пәтер 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға жалға берілмек.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 29 жасқа дейінгілерге жалға берілетін пәтердің алғашқы кілті Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсанда табысталып, таратылады. 2019 жылы елордадан 1050, Алматыдан 1050 және Шымкенттен 904 пәтер пәтер жалға берілмек. Бұл туралы Елордада өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Оның бәрі - жаңа пәтерлер. Биыл біз сатып аламыз, ал келесі жылы тағы саламыз. Пәтерді жалдау құны 10-12 мың теңге аралығында болады. Бұл - халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалдау төлемінің ең төменгі қолжетімді стандартты есебі. 40 шаршы метр - бұл максималды аудан. Мысалы, ол екі бөлмелі пәтер болады, бірақ жалға берілетін пәтердің көлемі 40 шаршы метрден аспайтын болады, - деді ол.

Айта кетсек, елімізде 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқы қарастырылмаған жалдамалы пәтерді ұсыну тәртібі өз күшіне енді. Сатып алу құқы қарастырылмаған жалдамалы баспана Тұрғын үй-коммуналдық қорынан жалдап тұруы үшін ҚР азаматтарына ұсынылады.

Ақысын төлеп тұратын жалдамалы баспана ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істейтін жастарға беріледі. Мұндай пәтерді алатын азаматтар балдық жүйеге сәйкес таңдалады. Ол сұранысқа ие 100 мамандықтың тізіміндегі біріне ие болса, оған қосымша 10 балл, отбасы болғаны үшін 5 балл, әр баласы үшін бір-бірден балл, одан соң жеке бизнесі болса, 5 балл қосымша алады. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде осы негізде балл қойып, оны есептеп, сол бойынша жалдамалы пәтерден үміткер бола алатын азаматтардың тізімін жасайды.

Оқи отырыңыз: Айына – 12 мың теңге. 29 жасқа дейінгілерге жалға пәтер беріледі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: