Жаңалықтар тізбегі
0

Ет нарығында бақылау мүлде жоқ - агенттік

Ашық дерек көздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2019 23:16 Ашық дерек көздерден алынды
Тексеру нәтижесінде коммуналдық базарға ет өнімдерін жеткізетін азаматтар мал дәрігерлеріне әрбір мал басы үшін 3-5 мың теңге мөлшерінде пара беретіні анықталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдегі ең өнімдерін өткізу саласындағы кемшіліктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Базарда сатылатын өнімдердің сапасыз болуы мен ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың жоқтығы қоғамның наразылығын тудырып отыр. Жаппай түрлі тағамдардан, соның ішінде ет өнімдерінен уланған адамдардың жағдайы БАҚ пен интернетте халықтың талқысына түсуде. Соның өзінде, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, еліміздегі азық-түлік сапасының жағдайы нашар. Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықты толғандыратын сұрақтарға жауап табу мақсатында болған жағдайға мониторинг пен талдау жүргізді", - деді агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин елордада өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің атқарған жұмысы жағымсыз нәтижелерді көрсетті. Яғни, қазіргі уақытта ет өнімдері нарығында ветеринарлық және эпидемиологиялық бақылау мүлде жоқ.

"Бұл жағдайдың себептерінің бірі - парақорлық. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Көкшетау қаласының ветеринария бөлімінің бас маманы мен жеке компанияның мал дәрігерін ұстады. Аталған адамдар 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында ет өнімдерін жеткізушілерден жүйелік түрде заңсыз материалдық сыйақы алып тұрған", - деп нақтылады ол.

Тексеру нәтижесінде, коммуналдық базарға ет өнімдерін жеткізетін азаматтар мал дәрігерлеріне әрбір мал басы үшін 3-5 мың теңге мөлшерінде пара беретіні анықталды.

"Оларға еттің қандай да бір ауруға шалдықпағанын растайтын жасанды ветеринариялық анықтамалар беріліп отырған. Базарға келіп түсетін еттің барлығы қажетті ветеринариялық тексерістен өтпейтіндігі, әрі қарай халыққа еш бөгетсіз таралатыны анықталды. Олардың қызметіндегі бақылаудың жеткіліксіздігі және ашықтықтың болмауы ет өнімдерін жеткізушілердің ветеринария саласы мамандарына пара беруі қылмыстық жауапкершілікке болып саналатын әрекет болғанына қарамастан, қалыпты құбылыс ретінде есептеуіне алып келді. Қазіргі уақытта пара бергені үшін осындай кәсіпкерлердің 15-тен астамы жауапқа тартылуда. Ветеринария саласының қызметкерлері тарапынан көрсетілген осындай жауапсыздық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді", - деді Арман Бердалин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: