Ерлан Қошанов ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2019 02:09 zakon.kz
Ол алдында Қарағанды облысының әкімі болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне Ерлан Қошанов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ерлан Жақанұлы Қошанов ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", делінген Жарлықта.

Алдында бұл қызметті Қырымбек Көшербаев атқарған болатын. Ол қызметінен босатылған Марат Тәжиннің орнына барып, ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: