Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мамин "Бәйтерек" ұлттық холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2019 22:42 Баспасөз қызметі
Отырыста "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тың 2019 жылдың екінші тоқсанындағы тәуекелдері туралы есеп, сондай-ақ, холдингтің Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің 2019 жылдың бірінші және екінші тоқсандарындағы қызметінің қорытынды нәтижелілігі туралы есеп бекітілді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен "Бәйтерек" ұлттық басқарма холдингі" АҚ директорлар кеңесінің отырысында холдингтің инвестициялық саясатының талаптарын орындау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2018 жылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тың еншілес компаниялары экономиканың шикізаттық емес салаларындағы кәсіпорындарға 715,2 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қаржылық қолдау көлемі 14 процентке, яғни 89 млрд теңгеге өсті.

Экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне немесе олармен үлестес заңды тұлғаларға қатысы жоқ 3590 компания мен ұйымға 541 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Экспортқа бағытталған өндірісті қолдау шараларының арқасында 2018 жылы кәсіпорындардың экспорт көлемі 750 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1 процентке, яғни 36,8 млрд теңгеге артты.

2018 жылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 18 грант берді.

Өткен жылы холдинг бизнес-инкубаторларға шығындарын бірлесіп қаржыландыру түрінде қаржылық қолдау көрсетті, сонымен қатар, инновациялық қызметті кеңінен дәріптеу бойынша жұмыстар жүргізді.

Отырыста "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тың 2019 жылдың екінші тоқсанындағы тәуекелдері туралы есеп, сондай-ақ, холдингтің Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің 2019 жылдың бірінші және екінші тоқсандарындағы қызметінің қорытынды нәтижелілігі туралы есеп бекітілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: