Асқар Мамин "Бәйтерек" ұлттық холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің отырысында 2020 жылға арналған жылдық бюджет және 2019-2021 жылдарға арналған Даму жоспарына өзгерістер бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2016-2019 жылдары "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан 824 млрд теңге бөлінді, бұл қаржы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, үлестік салымдарды кепілдендіруге, отандық экспортшыларды, қазақстандық шикізаттық емес тауарлар өндірушілерін және сыртқы нарықтарда қызмет көрсетушілерге қолдау көрсетуге, ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етуге, 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ мен "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, "Сарыарқа" магистралды газ құбырын салуға, көп балалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларды несиелендіруге және басқа да жобаларға бағытталды.
Отырыста 2017-2021 жылдарға арналған түзетілген (2019-2021 жылдарға қатысты) даму жоспары мен 2019 жылға арналған "Бәйтерек" холдингінің жылдық бюджеті, сын-тегеуріндер бойынша есеп, Холдингтің Ішкі аудит қызметінің 2019 жылдың үшінші тоқсанына есебі, жылдық бюджеті қаралып, "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ даму жоспарына "ҚТҮҚЖБ" АҚ-тың "Өз үйім" бағдарламасын, автомобиль өнеркәсібі мен құрылыс секторындағы жобаларды іске асыру, көлік және индустриялық инфрақұрылымды жаңғырту, өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру және т.б. мақсаттарда түзетулер енгізілді.