Жаңалықтар тізбегі
0

Балқаштың бұрынғы әкімі мемлекетке 3 млн теңге шығын келтірген

tass.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2019 18:18 tass.ru
Бұрынғы әкім мен әкім аппаратының жетекшісі өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Балқаш өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Балқаш қаласының бұрынғы әкіміне, "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына және әкімдіктің басқа да лауазымды тұлғаларына қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке 3 миллион теңгеден астам мөлшерде залал келтірді деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Әкім аппаратының жетекшісі арнайы әкімшілік соттың үкімімен жүргізуші куәлігінен 3 жыл мерзімге айырылғанына қарамастан көлік рөліне отырып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Олар бұл жағдайды жасырып қалған, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі.

Оларға "Жарғылық капиталды толтыру туралы", "Автокөлік құралын беру туралы" қала әкімінің ресми бұйрығына жалған деректер қосып, жөндеуге жарамай қалған автокөлікті "СуЖылуТранс" мемлекеттік кәсіпорнына заңсыз берді деген айыптар тағылған.

Тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты әрқайсысының кінәсі дәрежесін анықтай отырып түпкі шешімді сот қабылдайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: