Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеунігі мемлекетке сегіз миллион теңгеге жуық шығын келтірген

ҚР АШМ Фитосанитария бас директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 09:01 Сурет: Zakon.kz
ҚР АШМ Фитосанитария бас директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

Белгіленген тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құрып және басқарған лауазымды тұлға, 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін "Фитосанитария" ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының үй-жайын тегін ұсынып келген.

Күдіктінің мемлекетке жасаған іс-әрекетінен келтірілген залал құны 7,4 млн теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: