Қасым-Жомарт Тоқаев Блумбергпен кездесті

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2019 14:38 Ақорда
Қазақстан Президенті "Bloomberg" ақпарат агенттігінің басшысымен кездесті

БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы "Bloomberg" ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен "Bloomberg" ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап, әлемдік экономиканың күн тәртібіндегі өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін "Bloomberg" Жаһандық бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, Президент алдағы іс-шара жұмысына Қазақстанның атынан "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысатынын айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Блумбергке Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, америкалық бизнесменді "Астана" халықаралық қаржы орталығымен белсенді ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Майкл Блумберг кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, қазақстандық әріптестерімен өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Блумбергті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2019 14:38

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: