Қасым-Жомарт Тоқаев иудаизм ұйымының өкілдерімен кездесті

Zakon.kz хабарлағандай, VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі шеңберінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еврей ұйымдарының өкілдерімен кездесті., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 14:46 Сурет: akorda.kz
Zakon.kz хабарлағандай, VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі шеңберінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еврей ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бермен, Израильдің бас сефард раввині Давид Йосефпен, Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы атқарушы төрағасының орынбасары Малькольм Хонлайнмен кездесті.

Мемлекет басшысының айтуынша, меймандардың форумға қатысуы елдер арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға әзір екенін көрсетеді.

Президент еліміздің халқы әлемнің негізгі діндерін ұстанатынын айтты. Олардың арасында иудаизмнің орны ерекше. Ал еврей ұйымдары қоғамның ажырамас бөлігі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытуға және нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ашкеназ және сефард раввинаттарының көшбасшылары адамзатқа ортақ құндылықтарды ілгерілету жолындағы дінаралық диалогқа белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: