Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин екіжақты кездесулер өткізді

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 14:24 Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс Төрағасы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі Еуропа және Азия мемлекеттері парламенттері арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететіне сенім білдірді.

Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин елордада өтіп жатқан "Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" тақырыбындағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі аясында екіжақты кездесулер өткізді.

Мәселен, Австрия Парламенті Федералдық Кеңесінің төрағасы Карл Бадермен екі ел арасындағы жүйелі диалог туралы, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық әріптестік, сондай-ақ, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында өзара іс-қимыл жайы аталып өтілді.

Нұрлан Нығматулин мен Карл Бадер парламентаралық ықпалдастықты одан әрі нығайту жайын да назардан тыс қалдырмады.

Мәжіліс Спикері сонымен қатар, парламенттік форумға парламентаралық одақ атынан келген Намибия Ұлттық Кеңесінің төрайымы Маргарет Натали Менса-Уильямспен кездесті. Бұл осы жылы 130 жылдығын атап өтетін байырғы парламенттік ұйымның бірі.

Сондай-ақ, осы күні Нұрлан Нығматулин БАӘ Федералдық Ұлттық Кеңесінің Спикері Әмәл Әл Кубейсимен, Пәкістан Парламенті Ұлттық жиналысының төрағасы Асад Кайсермен кездесті.

Мәжіліс Төрағасы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі Еуропа және Азия мемлекеттері парламенттері арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететіне сенім білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: