Жаңалықтар тізбегі
0

Дариға Назарбаева Қырғызстан, Беларусь, Оман, Қатар және Түркия өкілдерімен сөйлесті

Сенаттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 16:05 Сенаттың баспасөз қызметі
Еуразия елдері Парламенттері спикерлері IV кеңесі өтті.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Еуразия елдері Парламенттері спикерлері IV кеңесінің аясында Қырғызстан, Беларусь, Оман, Қатар және Түрік Республикасы парламенттерінің басшыларымен кездесулер өткізді.

Кеңес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналып отыр. Шараға Еуропа мен Азияның 65 елінен парламенттік делегациялар мен халықаралық парламенттік 14 ұйымның өкілдері қатысуда.

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Дастан Жұмабековпен кездесуде екі ел арасындағы қатынастардың ауқымды мәселелері талқыланды. Д.Назарбаеваның айтуынша, екі республика парламентшілерінің үнқатысуы мен Парламентаралық Кеңестің нәтижелі жұмысы оның маңызды бөлшегі болып табылады.

"Тарихтың байлығы, тіл мен мәдениеттің ортақтығы Қазақстан мен Қырғыз ынтымақтастығын дамытудағы маңызды мәселе болып табылады. Біздің мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды жалғастыру қажет деп санаймын", - деді Д.Назарбаева.

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының Төрағасы Владимир Андрейченкомен кездесуде елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. В.Андрейченко Қазақстан Еуразия кеңістігінде ғана емес, әлемдік аренада да бейбітшілік пен келісімді және ынтымақтастықты нығайтуда ауқымды істерді атқарып келе жатқанын айтты.

"Сіздің еліңіздің халықаралық беделі зор. Бүгінгі шараның осындай жоғары деңгейде өтуі де кездейсоқ емес. Бұл көпжылдық стратегия мен нәтижелі дипломатиялық бағдардың көрсеткіші", - деді В.Андрейченко.

Сенат Төрағасы Оман Сұлтанаты Консультативтік кеңесінің Төрағасы Халид Хилал Нассер ал-Мауалимен кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Оман өкілі жылы шырайлы қабылдаулар үшін Дариға Назарбаеваға алғысын білдірді және дінаралық келісім мен ұлтаралық достықты қолдаудағы Қазақстанның әлемдік беделін атап өтті.

Сенат Төрағасы Қатар Консультативтік кеңесінің Төрағасы Ахмад бен Абдалла бен Заид Әл Махмудпен кездесуде Қазақстан мен Қатардың ынтымақтастығын тереңдетудің келешегін талқылады. Д.Назарбаеваның пікірінше, Қатар Қазақстанның Таяу Шығыстағы ең маңызды әріптестерінің бірі болып табылады. "Біздің халықаралық бастамаларымызды ұдайы қолдап келе жатқаны үшін Қатар тарапына алғыс айтамыз", - деді Сенат басшысы.

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева мен Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоп екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық әріптестікке 10 жыл толғандағы кездесудің ерекше мәні бар екенін атап өтті. Сенат Төрағасы осы ынтымақтастықта бауырлас халықтардың мәдени-тарихи ортақтастығын дамытудың рөлі туралы атап өтті. Д.Назарбаеваның айтуынша, аймақтық және жаһандық саяси үдерістерге Қазақстан мен Түркияның ықпалы арта түсуі мен олардың мұсылман және түркі әлеміндегі беделі екіжақты қатынастарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызатын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 16:05

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: