Жаңалықтар тізбегі
0

Қарақастек шатқалында елік атқан екі адам ұсталды

wikimedia.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 19:14 wikimedia.org
Аң еті мен мылтықтар тәркіленді.

"Жамбыл және Қарасай аудандарының табиғат қорғау инспекторлары жергілікті табиғат қорғау органдарымен бірлесіп өткізген іс-шара барысында Жамбыл ауданының аумағында елікті заңсыз атып алған екі азамат ұсталды", деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, 24 қыркүйекте Қарақастек шатқалының маңында жол талғамайтын Тойота автокөлігінен атып алуға рұқсат етілген құжаттары жоқ аңның еті табылды. Көлік иесі 39 жастағы Алматы қаласының тұрғыны заңсыз елік атып алғанын мойындады. Сондай-ақ, автокөліктен тиісті құжаттары бар ойық ұңғылы және тегіс ұңғылы екі мылтық табылды. Аң еті мен мылтықтар тәркіленді.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Еліктің еті сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген материалдық шығын есептелуде",- деп атап өтті Алматы облысы ПД Табиғат қорғау инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.

"2019 жылы Алматы облысының тәртіп сақшылары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзудың 861 дерегін анықтады. Оның 341 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жауапты тұлғалардың жауапкершілігі қаралды", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: