Павлодардың төбесінен Қытайдың әскери тікұшақтары бой көрсетті

Ашық дерек көздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 21:27 Ашық дерек көздерден алынды
ҚР Қорғаныс министрлігі олардың ҚХР әскери тікұшақтары екенін растады.

ҚР Қорғаныс министрлігі олардың Ресейдегі Орынбор облысында өткен әскери жаттығудан өз еліне оралып бара жатқандарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Инстаграмда kolesa_povlodara парақшасында бірінің атынан бірі кетіп бара жатқан үш МИ-8 және төрт атқыш әскери тікұшақ түсірілген видео жүктелген. Бұл қытайдың әскери тікұшақтары Павлодар қаласының әуесінен өтіп бара жатқан.

"Ұшақтардан басқа, ҚХР Қарулы Күштерінің құрлықтағы әскери техникалары да теміржол арқылы Қазақстанды басып өтеді" деп хабарлайды tengrinews.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, 16-21 қыркүйекте Орынбор облысындағы "Донгуз" әскери полигонында Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери күштерінің қатысуымен "Орталық-2019" халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Оған 20 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, сондай-ақ 600 ұшақ жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: