Жаңалықтар тізбегі
0

УЕФА Ұлттар лигасының форматын өзгертіп, Қазақстанның мәртебесін көтерді

ҚФФ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 22:40 ҚФФ
УЕФА Ұлттар лигасының 2020/21 маусымындағы жаңа форматын бекітті.

A, B және C дивизиондары 16 командадан жаңа форматпен ойнайтын болды, D дивизионында 7 команда болады.

Ұлттар лигасы алғаш рет ойнатылғанда A және B лигаларында 12 командадан, C лигасында – 15, D лигасында – 16 команда болған еді. Турнир жеребесі 2020 жылы 3 наурызда Амстердамда, УЕФА конгресі кезінде тартылады.

Формат ауысқан соң Қазақстан командасының автоматты түрде мәртебесі көтеріліп, енді біздің құрама С дивизионында ойнайды, деп жазады sports.kz.

А лигасында Португалия, Голландия, Англия, Швейцария, Бельгия, Франция, Испания, Италия, Босния, Украина, Дания, Швеция, Хорватия, Польша, Германия, Исландия болады. Олар төрт командадан төрт топқа бөлінеді. Турнир аяғында ең нашар төрт команда В лигасына түсіп қалады.

В лигасына Ресей, Австрия, Уэльс, Чехия, Шотландия, Норвегия, Сербия, Финляндия, Словакия, Түркия, Ирландия, Солтүстік Ирландия, Болгария, Израиль, Венгрия, Румыния түсті. Олар да төрт топқа төрттен бөлінеді. Үздік төртеуі А лигасына ауысады, соңғы төртеуі С лигасына сырғиды.

С лигасында Грекия, Албания, Черногория, Грузия, Солтүстік Македония, Косово, Белоруссия, Кипр, Эстония, Словения, Литва, Люксембург, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Молдавия ойнайды. Мұнда да төрт командадан төрт топқа бөлінеміз. Үздік шыққан төртеу В лигасына, шаң қапқан төртеуі D лигасына кетеді.

D лигасының құрамы мынау: Гибралтар, Фарер аралдары, Латвия, Лихтенштейн, Андорра, Мальта, Сан-Марино. Олар үш және төрт командадан екі топқа бөлінеді.

Екі жылда бір рет өтетін Ұлттар лигасының өткен жолғы кубогын Португалия құрамасы жеңіп алды. Олар финалда 1:0 есебімен Голландияны ұтқан болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: