Жаңалықтар тізбегі
0

«Астана» мен «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының 2022/23 маусымындағы ойынын аяқтады

УЕФА Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық екі команда УЕФА Конференция лигасының 2022/23 маусымындағы ойынын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші іріктеу кезеңінде екі команда да келесі раундқа өте алмады. Бұл жайт жауапты кездесулерден кейін белгілі болды.

"Астана" командасы Польшада қонақта болып, "Ракув" командасынан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды. Өз алаңында да елордалық команда жеңіске жете алмады. Есеп: 0:1. Қорытынды есеп – 0:6, осылайша "Ракув" командасы ары қарай да бағын сынайтын болады.

Алматылық "Қайрат" алғашқы ойынында венгриялық "Кишвард" командасын өз алаңында қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен келесі кездесуге үміт артуға болып еді. Алайда ол үміт ақталмады. Венгриядағы жауапты ойында "Кишвард" алдыңғыдай минималды ұпаймен жеңіске жетті: 1: 0. Екі матчтың қорытындысы - 0: 2, яғни "Кишвард" келесі айналымға өтті.

Елорда уақытымен 00: 30-да петропавлдық "Қызыл-Жар" хорватиялық "Осиек" командасына қарсы жауапты кездесу өткізеді. Алғашқы ойынның қорытындысы бойынша хорватиялық клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қостанайлық "Тобыл" екі ойынның қорытындысы бойынша "Линкольн Ред Импс" гибралтар клубын (3:0) ұтып, екінші іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз