Жаңалықтар тізбегі
0

«Қайрат» 2022/23 жылғы УЕФА конференциялар лигасындағы ойындарын бастады

Қайрат-Кишвард жолдастық кездесуі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2022 22:25 Сурет: Zakon.kz
Алматылық "Қайрат" 2022/23 жылғы УЕФА конференциялар лигасындағы ойындарын бастады. Екінші іріктеу кезеңінің бірінші матчында алматылықтар өз алаңында венгриялық "Кишвард" командасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының Орталық стадионында Батыс пен Шығыс қанат жергілікті жанкүйерлерге толы болды.

Орталық стадион, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2022 22:25

Сурет: Zakon.kz

Егер алматылық клубты бүкіл стадион қолдаса, ал венгриялық командаға Алматыдағы Венгрияның Бас консулы Ференц Блауманн бастаған 50 адам ғана жанкүйер болды. Венгр жанкүйерлерінің жартысы футбол командасымен бірге ұшып келді, олар - Кишвард қаласының басшысы және жергілікті депутаттар. Орталық стадионда венгриялық жанкүйерлердің екінші жартысы – Алматыдағы Венгрия Бас консулдығының қызметкерлері.

"Кім жеңеді деп ойлайсыз" деген сауалға Венгрияның Бас консулы Ференц Блауманн мықты команда екенін айтып, жымиды.

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2022 22:25

Сурет: Zakon.kz

Оның жұбайы 2018 жылғы Венгрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық матч кезіндегі жейдеде болды, ол кезде отандық команда жеңіске жеткен еді. Алматылықтар үшін бұл жақсы нышан секілді көрінді.

"Қайрат" жанкүйерлері, әрине өз командасының жеңісіне сенімді болды, дегенмен тең түсуді болжағандар да табылды.

Аптап ыстық салдарынан төреші матчтың әр жарты сағатында футболшылар су ішіп, сергіп алуы үшін үзіліс жасап отырды.

Жолдастық кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2022 22:25

Сурет: Zakon.kz

Матчтың бірінші жартысы венгр командасының шабуылдарымен басталды. Алғашқы 45 минутта командалар бір-бірінің қақпасына доп соға алмады. Қайраттықтар шабуылдауды тым кешіктірсе, Венгрия командасы дәлдікке қол жеткізе алмай, әбден әуре болды.

Екінші таймда алматылықтар есепті ашуға тырысты, бір сәтте стадиондағылар гол деп шуласты, ал доп қақпаның сыртқы торына тиген болып шықты. Есесіне венгр клубы қолайлы сәтті ұтымды пайдаланды. 82-ші минутта Ясир Асани бильярд стилінде Данил Устименконың қақпасын дәл көздеп, гол соқты. Есеп - 0:1.

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2022 22:25

Сурет: Zakon.kz

Жауапты кездесу енді Венгрияда бір аптадан кейін өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз үшінші іріктеу кезеңіне өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: