Жаңалықтар тізбегі
0

Өркен Бисақаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 23:48 primeminister.kz
Ол біршама жыл коммерциялық секторда жұмыс істеген.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техника университетін, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Ол біршама жыл коммерциялық секторда жұмыс істеген.

2007-2010 жылдары Маңғыстау облысының әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің меңгерушісі, бас инспекторы қызметін атқарған.

2010-2012 жылдары — Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2012-2017 жылдары — Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы.

2016-2017 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

2017-2018 жылдары Маңғыстау облысының Туризм басқармасын басқарған.

2018-2019 жылдары — Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылғы мамырдан бастап «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: