Өркен Бисақаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен кетті

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2021 02:21 primeminister.kz
Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев берген өтінішіне сәйкес ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің құрылымында жұмыс істеген.

2019 жылғы мамырдан қыркүйек айына дейін "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: