Жаңалықтар тізбегі
0

Жақыпова қызметінен кетіп, оның орнын Әукенов басты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2019 15:45 Сурет: zakon.kz
Ол алдында Алматы әкімінің орынбасары болған.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қызметінен кетті. Оның орнын Ерлан Әукенов басты, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Светлана Жақыпова берілген өтінішке сәйкес өз еркімен босатылды", - делінген Үкімет баспасөзі таратқан хабарламада.

Жақыпова Светлана еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып 2013 жылдан бастап жұмыс істеді.

Ерлан Аукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Bradford университетінде оқыды. Халықаралық бизнес академиясы, Лондон экономика және саясаттану мектебін бітірді.

Осы жылдар ішінде ол ҚР білім және ғылым министрлігінде, "ХХІ ғасыр көшбасшысы жастар орталығы" РПО-да, "Қазақстан жастарының конгресі" ЗТБ-да, "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ-та жұмыс істеді.

2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2011-2014 жылдары - президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2014-2015 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды, әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету мәселелерін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: