Бас санитарлық дәрігер Бекшин қызметінен кетіп, оның орнына Есмағамбетова келді
Министрдің бұйрығы бойынша, еліміздің жаңа бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы 1972 жылы 5 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялар:
• Алматы мемлекеттік медицина институты (1991-1997); Гигиена, санитария, эпидемиология
Инновациялық Еуразия университеті және Management g marketing university (2018);
"Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымы" мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаттағы маман
Бұған дейін 2017 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры болған.
Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қызметінен кетті. Ол ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды.