Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбектер ЕАЭО-ға қосылмай қоюы мүмкін

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2019 16:53 inbusiness.kz
Ресейдің өз мәселелері толып жатыр. Экономикамыз тым ұқсас, ресурстар экспортына негізделген.

Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі туралы жаңалық емес, жай ғана сыбыс сөздің өзі үлкен әңгіме туғызады, деп жазады желіде экономист Айдан Кәріпжанов.

- Өз басым Өзбекстанның ЕАЭО-ға қосылғанын қалаймын. Сонда біздің орталық-азиялық өңірде қазірдің өзінде 60 миллион адамдық (Тәжікстанды қоспағанда) еркін сауда аймағы пайда болады. 50 жылдан кейін ол халық Ресей халқы санының жартысына жетеді. Сонда көптеген өндірістің абстрактілі Еуразияға емес, нақты аймаққа көз салуына жол ашылады. ЕАЭО орталығы да Мәскеуден аздап алыстайды.

Ресейдің өз мәселелері толып жатыр. Экономикамыз тым ұқсас, ресурстар экспортына негізделген. Мұнайды эскпорттап, қалған дүниенің бәрін импорттаймыз. Бір-бірімізге сататындай көп нәрсе жоқ, содан келіп сауда-саттық төмен. Беларусь пен Армениядан да бізге келіп-кетер ештеңе жоқ. Қырғызстан жақын тұрғандықтан бізде солармен сауда-саттық жоғарылау. ЕАЭО-да саясат көп, экономика аз. Бұл әрине, көпшілігімізге ұнамайды.

Ал енді Өзбекстан деген бөлек дүние. Ішкі нарықтағы бәсекелестікті шын қыздыратын мемлекет. Тауар бәсекелестігі, жұмыс күші, кредиттік ресурстар бәсекесінің несі жаман? "Отандық өндірушілер" деген мәртебесімен паразит болып отырғандардан құтылудың керемет мүмкіндігі. Жеміс пен көкөніс бағасын төмендетіп, құрылыс саласында үлкен бәсекелестік туғызатын мүмкіндік бұл.

Бірақ ол бәсекелестік бәз-біреулерге ауыр тиеді. "Өзбектер жаулады", "отандық өндірушілерді қолдау қайда?" деп шу шығарады олар. Бірақ сол "отандық өндірушілердің" қашан да отандық тұтынушыға шығын мен зиян ғана тигізетіні рас.

Бірақ өзбектер бұл одаққа қосылмауы да мүмкін. Кім білсін, оларды, деп аяқталады сарапшының жазбасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: