Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында "Бес әлеуметтік бастама" аясында атқарылған шаралар сарапталды

Шынар Жұмамұрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 15:12 Шынар Жұмамұрат
Шу қаласында газдандыру 300 мыңның маңында болса, қала тұрғыны оны 720 мыңға нақты кіргізгендігі айтылды.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған "Бес əлеуметтік бастама" аясында Жамбыл облысында әр сала бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Оның ішінде, баспанамен қамту, студенттерді жатақханамен қамту, елді мекендерді газдандыру және ауылшаруашылығындағы түйіні тарқамаған мәселелер өз шешімдерін тауып келеді.

Осы орайда, "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен бес әлеуметтік бастаманың орындалуы бойынша облыстық тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 15:12

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" ҚЕАҚ гранттық қаржыландыру аясында ұйымдастырылған шараға облыс әкімдігі басқарма басшыларының орынбасарлары, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық, қалалық жастар ресурстық орталықтарының директорлары, бес әлеуметтік бастама бойынша қызмет алушылар, көп балалы аналар мен белсенді жастар қатысты.

Басқосуда "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Исламбек Дастан әлеуметтік бастаманың елімізде іске асырылу барысына мониторингтік жұмыстар жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етіп, халықты толғандыратын проблемалық мәселелерін анықтау және оның шешу жолдары бойынша мемлекеттік органдармен тиісті шаралар қабылданып отырғанын сөз етті.

Бірінші бастама бойынша мәлім болғандай, бүгінде облыс орталығында "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша 15-мөлтек ауданда жəне "Арай-2" алқабында соғылған үйлерден пəтерлер сатылып жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда аталған бағдарлама бойынша 400-ге жуық тұрғын басыбайлы баспанасына қол жеткізіп үлгерген. Бұл туралы Тараз қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Диля Сөкжанова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда "Бақытты отбасы" кешенді бағдарламасы жасақталып, 300 азаматтың құжаты мақұлданған. Мониторингтің нәтижесімен Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі салымшысы мен "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы арқылы алатын қызмет алушылардың құқықтары бірдей сақталмайтындығы анықталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 15:12

Екінші бастама бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстарын жүргізу басқармасының басшысы Өмірзақ Қоспанов атқарып жатқан жұмыстарын баяндап, бұл бастамада жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту ұсынылғанын атап өтті. Осының нәтижесінде "Атамекен" Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесіп, төмен жалақы алатын қызметкерлерге салық салудың оңтайлы механизмі анықталып, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкердің салық салынатын табысы сомасының 90 пайызы мөлшерінде жеке тұлғаның табыстарынан алынып тасталыныпты.

Сондай-ақ конференцияда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов Елбасы "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа Үндеуінде жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында облыста бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқанын мәлімдеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 15:12

Сонымен қатар жиында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Аманов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы газдандыру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Мәулен Қожықовтар тиісінше әлеуметтік бастаманың 4-5 бастамалары бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстардың есебін берді. Шу қаласында газдандыру 300 мыңның маңында болса, қала тұрғыны оны 720 мыңға нақты кіргізгендігі айтылды. Осы мәселе бойынша облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Сембек Сейдазімов жауапты мүдделі органға тез арада Қоғамдық кеңеске жауап берулерін сұрады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 15:12

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: