Путиннен жын шығарғалы жүрген шаман "ақыл-есі дұрыс емес" деп танылды
sibreal.org
Габышевтің адвокаттары тәуелсіз сараптама жүргізуге ниетті. Олардың пікірінше, осындай қысқа уақытта зертханалық сараптама жасап, нәтиже алу мүмкін емес.
Тергеу тапсырысы бойынша тағайындалған психологиялық және психиатриялық сараптама қорытындысы «Путиннен жын шығарамын» деп Кремльге жаяу аттанған жақұт бақсысы Александр Габышевті "ақылынан адасқан" деп таныды. Бұл туралы Сибирь.Реалии басылымына "Ашық Ресей" құқық қорғау қозғалысының үйлестірушісі Валентина Дехтяренко айтты.
Габышевтің адвокаттары тәуелсіз сараптама жүргізуге ниетті. Олардың пікірінше, осындай қысқа уақытта зертханалық сараптама жасап, нәтиже алу мүмкін емес.
- Біз мамандармен сөйлестік. Олар да бұл сараптама қорытындысына күмәнданып отыр. Бізге ол құжатпен танысуға тек сенбі күні рұқсат берілді. Александр Габышевтің позициясына зертхана қорытындысы еш әсер етпеуі керек: Ол кетпеу туралы кепілхатпен бостандықта болуы тиіс. Әзірге ол күдікті ретінде танылған, бірақ оған тағылған айып жоқ, - деді Дехтяренко.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript