Жомарт Ертаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды
Алматыға Мәскеуден экстрадицияланған экс-банкир Жомарт Ертаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жомарт Ертаевты қамауда ұстау мерзімін тағы 15-ші желтоқсанға дейін ұзартты.
Осылайша, Ертаевтың Алматыда қамалуы тоғыз айға созылмақ – оны ұстау мерзімі 2019 жылдың 15 наурызынан бастап есептеледі.
Экс-банкир Жомарт Ертаев Алматыға 2019 жылдың наурыз айының ортасында жеткізілген. Өткен жылдың көктемінде БАҚ Мәскеу орталығында "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевтың ұсталғаны туралы хабарлады. Бірнеше күннен кейін ол үй қамауына алынды.
2019 жылдың қаңтар айының басында Жомарт Ертаевтың Мәскеуде қамауға алынғаны белгілі болды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстанның Бас прокуратурасы күдіктінің әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 28 б. 3-б, 189 баптың 4-бөлігі, 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті алдын ала келісім бойынша топтасып, бірнеше рет, қызметтік жағдайды пайдаланып аса ірі көлемде иемдену немесе ысырап ету) бойынша қарастыру туралы жаңа қаулы шығарды. Ертаевқа "Bank RBK" АҚ-нан несие ретінде алынған 80 миллион долларды ұрлады деп сырттай айып тағылуда.