"Атам маған қол салды" деген 19 жастағы қыздың сөзіне полиция түсінік берді

Общественное достояние, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 18:52 Общественное достояние
Полиция қыздан Жамбыл облысының Полиция Департаментіне хабарласуын сұрайды.

Жамбыл облысының полициясы бұқаралық ақпарат құралдарында Шу тұрғынының өзіне қарсы ерсі әрекет жасалғаны туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- БАҚ-та Жамбыл облысы Шу қаласының 19 жастағы тұрғынының нағашы атасының еркі әрекет жасағаны туралы мәлімдемесі жарияланды. Алайда, бұл факті Жамбыл облыстық полиция департаментінде тіркелмеген, не жазбаша, не ауызша да арыз түскен жоқ, - деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.

Осыған байланысты полиция қыздан Жамбыл облысының ПД-не хабарласуын немесе 8 (7262) 43-05-22, 43-14-03 сенім телефондарына қоңырау шалуын сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: