Жаңалықтар тізбегі
0

Түркіменбашы тағы да елдің Конституциясын өзгертуге кірісті

sng.today sng.today
Түркіменстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі комиссия төрағасы – президенттің өзі.

Түркіменстанда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады. Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы 4 қазанда Министрлер кабинетінің отырысынан кейін өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Азатлык радиосына сілтеме жасап.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедов конституциялық өзгерістер "әлемдегі жылдам өзгеріп жатқан экономикалық және саяси жағдайға байланысты қажет" деді.

Түркіменстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі комиссия төрағасы – президенттің өзі.

Түркіменстан Конституциясына соңғы рет 2016 жылдың қыркүйегінде түзетулер енгізілген болатын. Ол кездегі ең басты өзгеріс – елдің басы заңынан президенттікке кандидаттың жасы 70-тен аспайтын шектеуді алып тастау болатын. Осылайша бұл өзгеріс қазіргі президентке өмір бойы президент тағында отыра беру мүмкіндігін берді.

Үш жыл бұрын Конституцияның жаңа редакциясында ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының ұсыныстары ескерілмеген болатын.

Ел Конституциясының қазіргі редакциясында елдің президенті болып сайланғысы келетін азаматтың жасына байланысты шектеу туралы ереже жоқ. Бірақ онда президенттікке үміткерлер жасының төменгі шегі бар. Конституцияның 69-шы бабына сәйкес, кандидат кемінде 40 жаста болуы керек. Бұл бап түрікмен саясатындағы жастар үшін, нақты айтқанда президенттің ұлы және Ахал уәлайатының хәкімі Сердар Бердімұхамедовтің президенттікке үміткер болуына кедергі болып тұр.

Бұл жолы президент ұсынған конституциялық реформа Халық Мәслахаты мен Мәжілісті біріктіру арқылы екі палаталы парламенттік жүйе құру деген сылтаумен жүзеге асырылуда.

Конституцияның жаңа редакциясы 2020 жылы Халық Мәслахаты жиналысында қарауға дайын болуы керек.

Түркіменстан Конституциясы 1992 жылы қабылданды және содан бері алты рет өзгертілді – 1995, 1999, 2003, 2006, 2008 және 2016 жылдары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: