Жаңалықтар тізбегі
0

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

images.glavred.infо, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2019 23:59 images.glavred.infо
Бұл айыпқа байланысты Анна Машкевич алты айға дейін бас бостандығынан айырылып, "шексіз (sic!)" көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.

Англия билігі өз елінен баспана сатып алып, аралдарда тұратын ауқатты шетелдіктерге қарсы заңды қатайтты. 2018 жылы Brexit-тен кейін "Түсініксіз байлыққа салынатын бұғат туралы" (UWO) заң күшіне енген. Осы заң қолданысқа енгізілгелі бері Ұлыбританияда тұратын қашқын шетелдік олигарх пен саясаткерлерден маза кете бастады, деп жазады "Известия".

Соңғы рет бұл заңнан қазақстандық кәсіпкер Мақсат Әріп "қатты таяқ жеген". 2018 жылдың басында Лондонның Жоғарғы соты оның мүлкін, соның ішінде Ұлыбритания астанасындағы 17 миллион фунт стерлинг тұратын сарайын тәркілеу туралы шешім қабылдады. Өйткені оның үстінен өзі кезінде акционері әрі бас директоры болған "Қазақстан Қағазы" компаниясы шағым түсірген. 2009 және 2015 жылдары екі рет дефолтқа жол берген Қазақстандағы бұл компания бірнеше жыл бұрын өзінің бұрынғы басшысын көп көлемде ақша ұрлады деп айыптаған болатын.

Алайда активтерді тәркілеу тек бастамасы болып шықты. Биыл жылдың басында Ұлыбритания соты Әріптің жеке заттарын, атап айтқанда жалпы сомасы 300 мың доллар тұратын топ сағатын тәркілеу туралы шешім қабылдады. Ұлыбританиядан кетіп қалған олигарх сәнді аксессуарларынан оңайшылықпен айырылғысы келмей, оны беруден бас тартқан. Сол үшін Англия билігі оны сырттай екі жылға соттады.

Өткен жылы сот Әріптің барлық аппеляциялық шағымдарын қанағаттандырмады, керісінше ағылшындар кәсіпкердің әйелі Шолпан Әріптің бүкіл әлем бойынша мүлкін бұғаттау туралы сот шешімін жариялады.

Атап айтқанда, Швейцария мен Кипр банктері шоттарында жатқан ақшаға, Швейцария мен Дубайдағы жылжымайтын мүліктерін қоса есептегенде, оның 170 миллион доллар активі бұғатталды. Ал алда сатып алғанда 19 миллион фунт стерлингке бағаланған Лондондағы тағы төрт пәтері мен көлік қоятын орнын бұғаттауға ордер даярланып жатыр.

Қазақстандық миллиардер Александр Машкевичтің қызы (қазір Израильде тұрады) Анна да Ұлыбританияда қиындыққа тап болды. Алаяқтыққа қарсы агенттік (SFO) оның сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар деп айыптады.

Бұл айыпқа байланысты Анна Машкевич алты айға дейін бас бостандығынан айырылып, "шексіз (sic!)" көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, Казкоммерцбанктің негізін қалаушы Нұржан Субханбердинде де бір қиындықтар туа бастаған. Достары оның Нью-Йорктегі пәтерін сатқанын, сонымен қатар британ билігі бірқатар проблемаларды оның алдына тартып жатқанын айтты. Соның салдарынан Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі өзінің үлкен отбасын (10 баласы бар) Ұлыбританиядан Францияға көшіруге мәжбүр болыпты.

Сол секілді басылым Ресейдің ең мықты олигархтары - Борис Минц пен Роман Абрамовичтің де тура осындай себептермен басы бәлеге шатылып жатқанын жазады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: