Денис Тенді еске алуға арналған турнир жүлдесінің сомасы жарияланды
Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан үлкендер мен жастар арасында халықаралық турнир өтеді. Турнир атақты қазақстандық коньки тебуші, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Денис Теннің құрметіне арналған. "Денис Тен мемориалы" атындағы халықаралық байқауға 19 елдің спортшысы қатысады. Ол қазан айының 10-ы мен 12-сі аралығында ISU Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының бастамасымен "Халық Аренада" өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәнерлеп сырғанушыларға тағайындалған жүлде сомасы да белгілі болды.
Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстың жеңімпаздарының әрқайсысы 5 мың, күміс жүлдегерлер 3,5 мың, қола алғандар 2 мың доллардан алады. Биден және жұптаса билеуден өнер көрсеткен әр спортшы 7 мың, 5 мың және 3 мың доллар иеленеді.
Жасөспірімдер арасында дара өнер көрсеткен мәнерлер сырғанушыларға 2 мың (І-орын), 1,5 мың (ІІ-орын) және 1 мың доллар (ІІІ-орын) бұйырмақ.
Жарысқа Алексей Мишин, Этери Тутберидзе, Елена Водорезова сияқты танымал жаттықтырушылардың шәкірттері, сондай-ақ қазақстандық мәнерлеп сырғанушылар да қатысады. Бағдарламада турнир жеңімпаздары мен мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен тамаша гала-шоу өткізу жоспары да қарастырылған.
Жарыстың толыққанды форматы мынандай: олар екі жас категориясында өтеді - ересектер мен жасөспірімдер, сондай-ақ төрт түр бойынша - ерлер мен әйелдердің жеке-дара мәнерлер сырғануы, жұп болып өнер көрсетуі және мұздағы би.
Турнирді Денистің жеке жобаларын сақтау және дамыту мақсатында марқұм спортшының туыстары мен достарының бастамасымен құрылған Денис Теннің қоғамдық қоры ұйымдастыруда.