Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында салық төлемейтін байлардың көліктері тәркіленді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 15:12 видеодан кадр
Көлік салығын төлемеген жүргізушілерге тықыр таянды.

Алматы облысында көлік салығын төлемеген жүргізушілерге тықыр таянды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Салықшылар мен сот орындаушылары берешегі бар азаматтардың темір тұлпарларын жаппай тәркілеп жатыр. Мамандар қарызға белшесінен батқан борышкерлерден төлемді мәжбүрлеп өндіріп алудан басқа амал жоқ дейді.

- Қанша жыл төлеген жоқсыз?

- Екі-үш жыл болды ғой деймін. Қараған жоқпын. Енді төлеймін.

Үйіне кіріп келген салықшыларды көрген азамат әбден састы. Ол көлік салығын төлемегенін ақшаның жоқтығымен байланыстырды. Алайда Қарасай ауданының қазына кірісін бақылаушылары ескертуді елемей, салықтан жалтарған азаматқа аяушылық білдірген жоқ.

Ең қызығы, темір тұлпарына төлем жасамайтындардың арасында қалталылар да бар екен. Рейд барысында аса қымбат көліктер де айып тұрағына қойылды.

Жалпы Қарасай ауданы бойынша 14 мыңға жуық тұрғын көлік салығына келгенде жауапсыздық танытқан. Олардың қазынаға жалпы қарызы 361 млн 689 мың теңгеге жетіпті. Сондықтан сот орындаушылары азаматтар мемлекетке берешегін тездетіп төлемесе, бәрінің ісі сотта қаралатынын ескертіп отыр.

Дамира Абенова, Алматы облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының орынбасары:

- Азаматтар көлік салығына немқұрайлы қарайды. Оларға талай мәрте ескерту жасалады. Бірақ одан нәтиже шамалы.Үйлеріне барып көлігін айып тұрағына қойған кезде ғана қарыздарын төлей бастайды. Ұзақ жылдан бері салықтан жалтарып жүргендер өте көп. Біз жүргізушілерге жағдайды ушықтырмай, салықты дер кезінде төлеуге шақырамыз. Әйтпесе, банктегі есепшоттары бұғатталып, шетелге шыға алмай қалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: