Петропавлда 15 мың көлік иесі салық төлемей жүр

Петропавлда салық төлемейтіндер көп, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 17:02 Сурет: freepik
5 жыл бойы көлік салығын төлемеген Петропавл тұрғынының қарызы 3 млн теңгеден асты.

Жалпы өңірде 90 мың темір тұлпар иесі бар. Ал соның 15 мыңы міндетті салық төлемін өтеуден жалтарып жүр. Берешектің жалпы сомасы 411 млн теңгеге жетті.

Мамандардың айтуынша, 26 мамырдан кейін қарыз мәжбүрлі түрде өндіріле бастайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сот орындаушылары салық төлеушінің мүлкіне тыйм салуға, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын уақытша тоқтатуға, тіпті ел аумағынан шығуға тыйым салуға құқылы.

"Егер қарыз сомасы 40 АЕК-тен асса борышкер республика аумағынан шыға алмайды. Қарыз өтелгеннен кейін көлік иесі сот орындаушысына атқарған жұмысы үшін өндірілген соманың үстінен тағы 25 пайыз төлеуге міндеттеледі." Сұңғат Қоспаев, СҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: