Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында көлік салығын төлемегендер қамалды

Салық төлемегендер қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 14:35 Сурет: pixabay
Қостанай облысында көлік салығын уақытында төлемеген 5 адам қамауға алынған. Бұл жыл басынан бергі көрсеткіш.

Қамау мерзімі 1 тәуліктен 3 тәулікке дейін. Жалпы өңірде 12 мың адам 190 млн теңгеден астам көлік салығын төлемей жүр, деп жазады qazaqstan.tv.

26 мамырдан бастап салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу құзіреті жеке сот орындаушыларына беріледі.

Осыған сәйкес сот орындаушылары борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтатып, банк шоттарын бұғаттай алады.

Шетелге шығуына тиым салып, көлігін айып тұрағына қойып, өзін қамауға алуға, пәрмен беруге де құқы бар.   

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: