Қостанай облысында отбасын ойрандаған мыңнан аса адам қамалды
Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері Қостанай облысында отбасына ойран салған 1252 адам қамауға алынған. Жалпы аймақта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 4 мыңға жуық заң бұзушылық тіркелді.
Соның ішінде 14 қылмыс жасөспірімдерге қатысты жасалған. Ал өзі қылмыс жасаған балалардың саны жиырмаға жуық.
Қазір облыста 600-ден астам жасөсіпірім мен 332 отбасы арнайы тіркеуде тұр, деп жазады qazaqstan.tv.
Олардың жағдайы әлеуметтік қызметкерлер мен полицияның жіті бақылауында.
Жақсы жағына өзгергендері белгілі уақыттан соң есептен шығарылады.
Ал отбасына ойран салуын тоқтатпағандар әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
"Қазіргі уақытта бізге керегі жоқ арыз жазғаны. Көршілері, басқа көрген куәгерлері болса жетедік. Куәлік база жинап, материал жинап сотқа береміз." Мақсұт Ералиев, ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript