Украина Ресеймен газ келісімшартын жасасудан бас тартты
Украина Ресеймен газ транзиті туралы келісімшартты бір жылға ұзартқысы келмейді, өйткені Киев "еуропалық ережелерге сәйкес" ұзақ мерзімді келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.
Бұл туралы Украина премьер-министрі Алексей Гончарук мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Премьер-министр Ресеймен газ бойынша келіссөздер "кем дегенде бірнеше айға" созылатынын атап өтті. Осы уақытта Киев еуропалық энергетикалық заңнаманы қабылдап алғысы келеді.
– Бірақ біз оның қалай нәтиже беретінін – көреміз, деді Гончарук.
Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак бұған дейін Украинамен газ транзиті туралы келісімшарт бір жылға ұзартылса, оны техникалық параметрлерін қайта қарау мүмкіндігі болатынын жариялаған болатын.
Новактың айтуынша, Ресей қолданыстағы құқықтық шарттар бойынша келісімшартты ұзартуды ұсынуға дайын, бірақ қазіргі жағдай он жыл бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай өзгеруіне байланысты кейбір техникалық параметрлер өзгеруі мүмкін. Мәселе Украинаның газ тұтынуы мен транзит көлеміне байланысты.