Жаңалықтар тізбегі
0

Жығылғанға жұдырық. Вице-министр дауына ресейлік компания килікті

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 15:37 facebook.com
Бұл дауда ресейлік брендтің пайдалануына байланысты "Анти-плагиат" компаниясы мәлімдеме жасауға мәжбүр болған.

Ресейдің "Анти-плагиат" компаниясы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың диссертациясы маңайындағы дауға киілігіп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін министрлік қызметкері "Жақыпованың диссертациясы плагиатқа тексерілмеген, оған ғылыми дәреже заңсыз берілді" деп айыптаған. Вице-министр бұл айыптауды жоққа шығарған болатын.

"Анти-плагиат" ресейлік компаниясы осыған қатысты баспасөз үшін арнайы хабарлама таратты.

"Біздің мамандар Жақыпованың диссертациясы мәтініне мұқият талдау жүргізіп, оның 52 проценті Ресей мемлекеттік кітапханасындағы диссертациялар жиынтығында тіркелген мақалалар мен диссертациялар мәтіндерінің толық көшірмесі болып табылатындығын анықтап, растады. Диссертациялық жұмыстағы зерттеулер нәтижесі туралы мәтіннің басым бөлігі де басқадан алынғанын баса айта кету керек", - дейді ондағылар.

Диссертация мәтінін тексеру бойынша жүргізілген есепті олар көпшілік назарына ұсынып, өз сайттарында жариялады.

Компания бұл диссертацияны неге тексеріп, көпшілікке жариялауға мәжбүр болғандарын да түсіндірді.

Өйткені ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне жолданған сауалға олар "Жақыпованың диссертациясы Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығында Анти-плагиат "технологиялық жүйесіне" сәйкес тексеріліп, ғылыми жұмысты тексеру кезінде ешқандай сәйкестік таппаған" деп жауап берген.

"Біз қанша ұсыныс тастасақ та Қазақстанның Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы ешқашан бұл технологияның иесі - ресейлік компаниядан "Антиплагиат" жүйесін сатып алған емес әрі оның қызметіне ешқашан жүгінген жоқ. Ал Жақыпованың диссертациясын тексеру кезінде олар қандай жүйені қолданғанын біз анықтай алмаймыз", - делінеді фирманың хабарламасында.

Осыған байланысты ресейлік компания бұл дауға қатысты баспасөзге берілген хабарламалардан өз компания атауын алып тастауды сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: