Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда нан 5-7 теңгеге қымбаттайды

pixnio.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 18:13 pixnio.com
Нан бағасы көтеріледі деп ойлаймын. Бірақ аса көп емес. Нан бағасы күрт өспес үшін біз қазір тұрақтандыру қорынан астық сатып алып жатырмыз - министр.

"Қазақстанда нан бағасы өседі деп ойлаймыз", - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров үкіметтегі баспасөз конференциясында, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Нан бағасы көтеріледі деп ойлаймын. Бірақ аса көп емес. Нан бағасы күрт өспес үшін біз қазір тұрақтандыру қорынан астық сатып алып жатырмыз. Сонымен қатар, әр облыс әкімдігі астық пен ұн сатып алады, - деді Омаров баспасөз мәслихатында қойылған сұраққа берген жауабында.

Ол бағаны тұрақтандыру үшін жыл сайын Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықта 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сататынын еске салды.

- Қазір нан бағасының өңірлер бойынша айырмасы 75-78 теңге аралығында. Мен баға шамалы көтеріледі деп болжаймын, 80-82 теңге маңайында, - деді министр.

30 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров нанның бағасы тұрақты екенін мәлімдеп, оның құны 78-ден 85 теңге аралығында ауытқып тұратынын айтқан.

- ... Бірақ әлеуметтік нан бұрынғы деңгейде қалады, өйткені әкімдіктер тұрақтандыру қорынан ұн сатып алуда. Мұнда біз әлеуметтік нанға қатысты проблемаларды көріп отырған жоқпыз, - деп сендірді Сапаров.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: