Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда нан қымбаттай ма

нан, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2022 15:29 Сурет: unsplash
«Қазақстан астық одағының» төрағасы Нұрлан Оспанов елімізде нан бағасына қандай факторлар әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Нан бағасы қандай болуы мүмкін екенін түсіну үшін бидайдың бағасына қарау керек. Егер бізде бидай бағасы тоннасына 120 мың теңге болса, онда негізінен нан 120 теңге тұрады. Есепті жеңілдету үшін мемлекеттік органдарда да солай қарастырылады. Сондықтан біз болжап отырғандай, бидай бағасы төмендейтін болса, сәйкесінше нан бағасының төмендеуіне толық негіз бар.«Қазақстанның астық одағы» АӘК төрағасы Нұрлан Оспанов

Оның айтуынша, бұл өнімдердің өзіндік құнында аса тікелей байланыс жоқ.

Бидай бағасы нан өндіруге жұмсалатын жалпы шығынның 30%-ын ғана алады. Сонымен қатар біздің өңдеушілер мен наубайшылар көтеретін электр энергиясы, жанар-жағармай және басқа да шығындар бар. Сондықтан тікелей байланыс болмауы мүмкін. Бірақ нан бағасы теориялық тұрғыдан төмендеуі мүмкін және төмендеуі керек. Нан ғана емес, сонымен қатар күнбағыс майы, ет (қызыл да, ақ та,) жұмыртқа сияқты өнімдердің бағасы түседі. Өйткені астық оларды өндіруде жем немесе шикізат ретінде пайдаланылады. Астық бағасы арзандайтындықтан, басқа өнімдердің бағасы да төмендеуі мүмкін. Бұл потенциалды түрде болады.Нұрлан Оспанов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: