Трамп Түркияны "қысу" үшін Пенс пен Помпеоны Анкараға жібермек
ua.news
Трамп Түркия шабуылды тоқтатпаса, ең қатты санкциялар салатынын тағы ескертті.
АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен мемлекеттік хатшы Майк Помпео Түркиядан Сирияның солтүстігіне бастаған әскери операциясын тоқтатуды талап етіп, сәрсенбіде Анкараға бармақ.
Бұл жөнінде АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазады Азаттық.
Трамп Түркия шабуылды тоқтатпаса, ең қатты санкциялар салатынын тағы ескертті.
Ақ үйдің хабарлауынша, Майк Пенс бейсенбі күні Анкарада Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездеспек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript