Әуесхан Даринов 19 жылға сотталды
Қазақстан фермерлер одағының бұрынғы басшысы Әуезхан Даринов 19 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сот үкімімен Әуезхан Даринов ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі, 122-бабы 1-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі, 124-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, оған жасөспірімдер ісіне қатысты педагогикалық және өзге де жұмыспен айналысуға тыйым салынды", – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, осы жылдың басында ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан фермерлер одағы басшысының қамауға алынғанын хабарлаған еді.