Тоқаев Радек Вондрачекті Барқыт төңкерісінің 30 жылдығымен құттықтады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 23:22 Ақорда
Президент Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі Чехиямен өзара байланыстарды одан әрі дамыту бағдарының мызғымастығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, Қазақстан – Еуропалық одақ, Орталық Азия – Еуропалық одақ және Орталық Азия – Вышеград төрттігі (Чехия, Польша, Венгрия и Словакия) сияқты көпжақты форматтағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Р. Вондрачекті Барқыт төңкерісінің 30 жылдығымен, Чехияның НАТО-ға кіруінің 20 жылдығымен және алдағы Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Президент Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі Чехиямен өзара байланыстарды одан әрі дамыту бағдарының мызғымастығын атап өтті.

– Елдеріміздің парламенттері арасындағы өзара іс-қимылдарды нығайту тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін сіздің сапарыңыздың маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.

Чех саясаткері қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалады.

– Чех Республикасының өкілі ретінде елдеріміз арасында достық және дәстүрлі ынтымақтастық рухында дамып келе жатқан өте тығыз әрі терең қатынастарды растауға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын, – деді Радек Вондрачек.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: