Жаңалықтар тізбегі
0

Мұхамеджан Тазабек мектептерге келіп, дәріс оқып жүрген жоқ - министр

ru.tokkoro.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2019 21:34 ru.tokkoro.com
Министр білім беру ұйымдарына бейтаныс адамдар өздігінен келіп, қандай да бір іс-шараларды, соның ішінде дәріс өткізе алмайтындығын баса айтты.

Мұхамеджан Тазабек мектептерге келіп, дәріс оқыған жоқ. Мұндай шараларды мектепте тек мұғалімдер ғана өткізе алады, - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Мектептегі іс-шараларды тек мұғалімдер ғана ұйымдастырады. Сондықтан бұл арада "Мұхамеджан Тазабек іс-шаралар өткізді" деп айтудың өзі орынсыз. Білім ордаларында ондай болған емес. Ал біреулердің жоспары үшін мен жауап бере алмаймын. Егер оқиға мектеп қабырғасында болса, жауабын айтар едім. Демек,бұл арада талқыланатын мәселе емес бұл, - деді Аймағамбетов Мәжілістегі жиыннан кейін дәлізде берген сұқбатында.

Ол білім беру ұйымдарына бейтаныс адамдар өздігінен келіп, қандай да бір іс-шаралар, соның ішінде дәріс өткізе алмайтындығын баса айтты.

- Ол мүмкін емес. Егер сіз дін немесе басқа мәселелерді меңзеп тұрсаңыз, айтайын, біз білім ордаларына кез келген адам келіп, діни көзқарасымен бөлісе алмайды, ондай жоқ онда, - деді Білім және ғылым министрі.

Алдында әлеуметтік желіде "Асыл арна" діни телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің полиция қызметкерлері алдында дәріс оқыған видеосы тараған еді. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл фактіні тексеріп жатқандығын хабарлаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: