Қазақстан темір жолының төрағасы Сауат Мыңбаев пен Өмірзақ Шөкеев Арыста болды
![Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 23:12](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-5286073b-1abd-44de-986b-1c0f5af9c955/800x452.webp)
Қала өміріндегі тарихи да маңызды нысанның күрделі құрылысын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүргізді.
Сауат Мыңбаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс қаласының басты көрікті жерлерінің бірі - теміржол вокзалында болды.
"Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ-ның төрағасы Арыс темір жол стансасындағы көлік инфрақұрылымы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. Шойын жол нысандарында жүргізілген барлық жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталған. Жарылыс салдарынан темір жол торабында орналасқан 60-тан астам қызметтік-техникалық ғимараттар, көптеген тұрғын үйлер зақымдалған болатын. Қысқа уақыт ішінде көне теміржол вокзалы толық қайта жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енген.
Қала өміріндегі тарихи да маңызды нысанның күрделі құрылысын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүргізді.
Арыс – Орта Азия қақпасы, тоғыз жолдың торабы атанған теміржолшылар кенті. Халқының басым көпшілігі де шойын жол саласында қызмет етеді. Биыл Арыс қаласының 1-теміржол вокзалына 115 жыл толып отыр. Іргетасы 1904 жылы қаланған көне ғимараттың іші-сырты толық жаңғыртылды.
Ең бастысы, ғимараттың тарихи сәулеті сақталып, ұрпаққа көне жәдігерлердің бірі болып қалмақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript