Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтардың Кореяда жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін

YouTube, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2019 15:43 YouTube
Кореяда 10 875 қазақстандық заңсыз жүр.

Қазақстандықтардың Кореяда балық және ауылшаруашылық салаларында заңды түрде жұмыс істеуіне рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан үкіметі Корея үкіметімен бірлесіп, осы елдің балық және ауылшаруашылық салаларында қазақстандықтар үшін маусымдық жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастыруда. Одан басқасының бәрі – Оңтүстік Корея мен Қазақстан заңдарын бұзу болып табылады", – деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Ресми өкіл Кореяға 30 күнге визасыз кіру рұқсаты – жұмысқа орналасуды көздемейтінін атап өтті.

"Сондықтан, Кореяға жұмысқа жіберіп жатқан барлық қазақстандық компаниялардың бұл тірлігі заңсыз, олар лицензиясыз жұмыс істеуде. Жалпы, қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды жұмысқа орналасуы қарастырылмаған", - деп қосты Айбек Смадияров.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Кореяда 10 875 қазақстандық заңсыз жүр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: