Қазақстанда тағы митинг: белсенділерді қалай жазалады
26 қазанда Қазақстанның кейбір қалаларында рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастыруға әрекет жасалды. Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу үшін заңда белгіленген шараларды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 адам ішкі істер органдарына жеткізілді, олардың 22-і сұрақ-жауаптан соң үйлеріне босатылды. Рұқсат етілмеген митингтердің қалған төрт қатысушысы сот тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Рұқсат етілмеген митингіге шықпақ болған адамдардың қолындағы дауыс зорайтқыш құрал мен деструктивті мәндегі үнпарақтар мен плакаттар тәркіленді.
Бас прокуратура мен ІІМ-нің жасаған бірнеше ескертуіне қарамастан, экстремистік ұйымдардың арандатушылық үндеуіне көптеген азамат бой алдырып, көшеге шыққан.
Полицияның митингтерге қатысудың заңсыздығы, арандатушылардың әрекеті туралы түсініктемесінен соң олар өз еркімен тарады. Митингке келушілерді тарату кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтай отырып әрекет етті, арнайы құралдар мен күш қолданған жоқ.