Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Шәкіров Парламент Төрағалары Еуропа конференциясына қатысты

Сенаттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 22:32 Сенаттың баспасөз қызметі
Парламентаралық одақтың Төрағасы Габриелла Куэвас Барронмен кездесу барысында 2020 жылы Нұр-Сұлтанда өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы парламенттік конференциясының мәселелері талқыланды.

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) аясында Страсбург қаласында Парламент Төрағаларының Еуропа конференциясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуропа Кеңесіне мүше 47 мемлекеттің, әріптес және байқаушы елдердің парламенттерінің басшылары, сондай-ақ бірқатар халықаралық парламенттік ассамблеялардың басшылары қатысқан форум Еуропа Кеңесінің құрылғанына 70 жыл толуына арналды. Күн тәртібі бойынша ортақ еуропалық үйдің қалыптасуы мен дамуы, Парламенттердің Орнықты даму мақсаттарына қосқан үлесі, сондай-ақ гендерлік теңдік мәселелері бойынша пікірсайыс болды.

А.Шәкіров Страсбургте болған кезде ЕКПА Төрағасы Лилиан Мори Паскьемен келіссөз жүргізді. Тараптар Қазақстанның осы ұйыммен өзара іс-қимыл жасаудағы өзара түсіністік пен сенімді атап өтті. Екіжақты өзара іс-қимылдың іс жүзіндегі пәрменді мысалдарының бірі ретінде Венеция комиссиясымен тиімді ынтымақтастық, сондай-ақ еліміздің GRECO-ға кіруі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі мемлекеттердің топтары) аталып өтілді.

Лилиан Мори Паскье Нұр-Сұлтан қаласында Еуропа Кеңесінің Орталық Азия елдеріне арналған аймақтық өкілдігінің ашылуын қолдайтынын жеткізді.

Төраға орынбасары сондай-ақ Бельгия Корольдігі Өкілдері палатасы Төрағасының орынбасары А.Флаомен келіссөз өткізді, келіссөз барысында екіжақты сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы туралы айтылды. Бельгия парламентшілері таяу уақытта Қазақстан-Бельгия достығы парламентаралық тобының сайлаудан кейінгі жаңа бельгиялық құрамы құрылатынын хабарлады. Тараптар бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасындағы Кеңейтілген әріптестік туралы келісімнің күшіне енуі аясында мемлекеттердің заң шығарушы органдарының өзара тиімді іс-қимылының маңызды екенін атап өтті.

Парламентаралық одақтың Төрағасы Габриелла Куэвас Барронмен де кездесу болды. Кездесу барысында алдағы 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы парламенттік конференциясының мәселелері талқыланды. Парламентаралық Одақтың басшысы осы шараның Қазақстанда өтуіне алғысын білдірді.

Форум алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Георгий Церетелимен, Әзербайжанның, Түркияның, Кипрдің, Лихтенштейннің және Швецияның, Еуропа Кеңесінің жанындағы дипломатиялық миссияның делегацияларының басшыларымен де кездесті.

Парламент Төрағаларының Бірінші Еуропалық конференциясы 1975 жылы өткен болатын. Бұл шара екі жылда бір рет, кезекпен Страсбургте және Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттердің бірінің астанасында өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: