2017 жылдың үздік менеджері Қанат Исламмен жұмысын тоқтатты

The Ring тұжырымы бойынша 2017 жылдың үздік менеджері Эгис Климас орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламмен (27-0, 21 КО) арадағы келісімшартын үзді, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Келісімшарт доминикандық Хулио Де Хесуспен (28-2, 27 КО) биыл 5 шілдеде Алматыда өткен кездесуден кейін тоқтаған. Ол кездесуде қазақстандық жеңіске жетіп, орта салмақтағы екінші дәрежелі WBO International белбеуін жеңіп алған. Сол жекпе-жектен кейін боксшы мен менеджер белгісіз себеппен бірге жұмыс істеуін тоқтатты.
Бұл екеуі 2018 жылдың ақпанда бірге жұмыс істей бастаған. Климастың жетекшілігімен Ислам 23 маусымда Лос-Анджелесте рингке көтерілуі тиіс еді, бірақ аяғының жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпай қалды.
Қазір Исламның командасына бұрынғы менеджері Нельсон Лопес қайта оралды. Намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) 26 қазанда Алматыда төрешілер шешімімен жеңгенде менеджері сол Нельсон Лопес болған.
Айта кетсек, Климас Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО), Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) және Александр Усик (17-0, 13 КО) сияқты танымал боксшылармен жұмыс істейді. Маманның командасының тізіміне басқа да қазақстандықтар кіреді: Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО), Мадияр Әшкеев (13-0, 6 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) және Сағадат Рахманқұлов (5-1, 3 КО) бар.